Кентауда «Жасыл ел» еңбек маусымы басталды

Кентау қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жастар жасағының жаңа еңбек маусымы басталды. Маусым-шілде айларында 60 NEET санатындағы жасты жұмысқа тарту көзделген. Жобаның мақсаты — жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, қаланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын дамыту.

Жасақ мүшелері ағаш отырғызып, көшелерді тазалап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады. Сонымен қатар, бұл бастама жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алып, достық қарым-қатынасты нығайтуды көздейді.