Отырарлықтарға үндеу: «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсына қатысыңыздар!

Отырарлықтарға үндеу: «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсына қатысыңыздар!
Отырар ауданының тұрғындары «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауына қатысу мүмкіндігіне ие. Бұл конкурс отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, адамгершілік пен рухани дәстүрлерді жаңғыртуға және үлгілі отбасыларды қоғамға үлгі етуге бағытталған.
Аталмыш байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес өткізіледі.
Байқаудың негізгі мақсаттары:
- Отбасы институтын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу;
- Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру;
- Ұрпақтар сабақтастығын насихаттау, қарттарға деген қамқорлықты үлгі ету;
- Қазақстандық отбасының жағымды бейнесін қалыптастыру.
Өтінім қабылдау мерзімі:
📅 2025 жылғы 16 наурыз – 15 маусым аралығы
Қажетті құжаттармен бірге өтінімдер арнайы нысан бойынша қабылданады.
📍 Өтініштерді қабылдау мекенжайы:
Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы №25 ғимарат
📞 Байланыс нөмірі:
+7 702 911 2185
Ұлттық байқауға қатысып, елге өнеге боларлық отбасылық құндылықтарды бірге насихаттайық!