САПАЛЫ ТҰҚЫМ – АГРОСАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ТІРЕК

САПАЛЫ ТҰҚЫМ – АГРОСАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ТІРЕК
Республика бойынша 2,3 млн тонна тұқым дайындалды

Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттырып, егіс науқанының қарқынын бәсеңдетпей өткізуге тұқыммен қамтамасыз ету жүйесі айтарлықтай үлес қосып отыр. 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына еліміз бойынша 2,3 млн тонна тұқым дайындалды. Бұл көрсеткіш егіншілердің уақытылы және кедергісіз жұмысқа кірісуіне мүмкіндік берді.

Тұқым өндірісі мен тарату құрылымы:
Бүгінде елімізде сапалы тұқым өндірумен және таратумен айналысатын 246 субъект аттестатталған. Оның ішінде:

  • 28 шаруашылық – түпнұсқа тұқым өндіреді;
  • 82 шаруашылық – элиталық тұқым өсіреді;
  • 136 субъект – І, ІІ, ІІІ репродукциялы тұқыммен айналысады.
    Сонымен қатар, 129 ұйымға импорттық тұқымды сатуға рұқсат берілген.

Сапалы тұқымның қолжетімділігін арттыру мақсатында мемлекет тұқым сатып алу шығындарының 50–70%-ын субсидиялап отыр. Бұл көрсеткіш тұқым санатына және репродукция деңгейіне байланысты белгіленеді.

Бұл шаралар елімізде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге, егіс науқанын жоспарлы түрде өткізуге және тұқым нарығын тұрақтандыруға ықпал етуде.