Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» аясында сенбілік жұмыстары өтті

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» аясында сенбілік жұмыстары өтті

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты. Аудан әкімі Арман Абдуллаев сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарының барысын бақылап, сала жетекшілеріне бірқатар тапсырмалар берді.

Сенбілік таңғы сағат 08:00-де басталып, мекемелер өздеріне бекітілген аумақтарды тазалады. Автожолдар бойы, көше бойлары, қоғамдық орындар мен аулалар күл-қоқыстан тазартылып, шөптер шабылды. Қураған ағаш бұтақтары кесіліп, ағаштар әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздейтін бұл шара табиғатқа жанашырлықпен қарау қажеттігін тағы бір мәрте көрсетті. Тұрғындар туған өлкесінің тазалығына жауапкершілікпен қарауға шақырылды.