Шавкат Рахмоновтың әйелінің жол апатына түскенін жауынгердің жаңа қарсыласының адамдары талқылады

UFC жұлдызды америкалық жауынгер Шон Брэдидің тобы қазақстандық Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы жол апатына ұшыраған оқиғаны талқылады, деп хабарлайды Pressa24.kz.

Американдық жауынгердің команда мүшелері жекпе-жек өткізетін  қарсыластарын талқылады. Бір сәтте әңгіме Шавкат Рахмоновқа ойысты. Олар Рахмоновтың әйелі туралы сөз қозғады.

«Брэди жекпе-жекке дайын. Ол төбелесуі керек. Ол үздік бестіктен кез-келген адаммен жекпе-жекке түсуді сұрады. Камара Усман ұсынылды. Ал Шавкаттың отбасындағы жағдайды көрдіңіздер. Менің білуімше, оның отбасында жол апаты болды. Тағы кім қалды? Гарри де бар, бірақ ол ақшаға және жалпы кез келген нәрсеге шағымдана береді», — деді Брэдидің тобы.