«Тежегіш істен шыққан» Түркістаннан келе жатырған оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Түркістан облысынан келе жатырған оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады,-деп хабарлайды Pressa24.kz тілшісі.

Қызылорда – Алматы бағыты бойынша Ынтымақ ауылының маңында Түркістан облысынан келе жатқан жолаушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, апатқа автобустың тежегіш жүйесінің істен шығуы себеп болған.

Оқиға кезінде автобустың ішінде мектеп оқушылары отырған. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір жол апатына байланысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.