Түркістан: Отырар мен Созақ ауданының балалары жазғы лагерьге қабылданды

Түркістан: Отырар мен Созақ ауданының балалары жазғы лагерьге қабылданды
Түркістан облысында жазғы демалыс маусымы басталды. Биыл балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін тағы екі демалыс лагері іске қосылды.
Түлкібас ауданындағы Келтемашат шатқалында орналасқан «Отырар» жазғы лагері алғашқы ауысымға Отырар ауданынан 153 баланы қабылдады. Лагерь 7 ауысыммен жұмыс істеп, жалпы 1050 оқушыны қабылдамақ. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше мән беріліп, 5 мезгіл тамақпен қамтылады, тәрбиешілер мен медициналық қызметкерлер тұрақты жұмыс атқарады.
Сондай-ақ «Машат-Арасан» лагерінде Созақ ауданынан 450 бала тынығуда. Мұнда да қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, бейнебақылау, кәсіби күзет, түнгі кезекшілік ұйымдастырылған. Балаларға тәрбие, спорт, денсаулық пен патриоттық тәрбие бағытында мазмұнды бағдарламалар ұсынылуда.





