ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙДІ

Міне, аталған ақпарат негі
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар маңызды мәселе талқыланған жиын өткізді. Жиында ауданның инфрақұрылымын дамыту, туризмді өркендету, заңсыз құрылысқа тосқауыл қою, сондай-ақ дала өрттерінің алдын алу және демалыс аймақтарындағы қауіпсіздік мәселелері қаралды.
Ауыз су – басты назарда
Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Дегенмен, кейбір ауылдарда жазда су тапшылығы сезіледі. Бұл мәселені шешу үшін Балдыберек өзенінің бойындағы 12 ауылға су жеткізетін төрт жоба ұсынылды. Сонымен қатар Леңгір қаласын сумен қамтамасыз ету үшін «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің аумағындағы Ақмешіт бұлағынан су тарту көзделіп отыр. Бұдан бөлек, 12 ауылда ауыз судың сапасын жақсарту үшін қосымша ұңғымалар қазылуда.
Өрт пен суға кетудің алдын алу
Жиында жаз мезгіліндегі қауіпсіздік те назардан тыс қалмады. Биыл Төлеби ауданында суға бату оқиғасы тіркелмегенімен, демалыс орындарындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында туристік полиция бөлімін құру және медициналық мамандарды жұмылдыру ұсынылды. Сонымен бірге жол-көлік оқиғалары жиі болатын аумақтарға «Сергек» камераларын көбейту жоспарлануда.
Заңсыз құрылыс – қатаң бақылауда
Сапар барысында су қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыстарға қатысты мәселе де көтерілді. Арнайы тексеру нәтижесінде 85 нысан зерделеніп, оның 44-інде заң талаптарының бұзылғаны анықталды. Аталған нысандардың иелеріне ескерту хаттар жолданып, тиісті шара қолдану ұсынылды. Сонымен қатар туристерді міндетті түрде «E-Qonaq» жүйесіне т жұмысы жандандырылады.
Жиынды қорытындылаған Зұлпыхар Сансызбайұлы сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуы қатаң бақыланатынын ескертті.





