ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ПОЭЗИЯ КЕШІНДЕ ЖАС АҚЫНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Сауран ауданындағы тау бөктерінде «Түн. Табиғат. Поэзия» атты әдеби кеш өтті. Шара «Түнгі кітапхана» жобасы аясында өткізілді.
Кеш барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Жауһар жырдың жаршылары» атты жазба ақындар мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. Мүшәйраның мақсаты – жас ақындарды қолдау, қазақ поэзиясын дамыту және Түркістанның рухани мәртебесін көтеру.
📍 Марапат иегерлері:
- Әбілда Аймақ атындағы номинация – Нарбай Бекжұман
- Қаныбек Сарыбаев атындағы номинация – Ердәулет Бухарбай
- Есенғали Раушанов атындағы номинация – Дәурен Тілеухан
- Аманхан Әлім атындағы номинация – Арқалық Әмәлият
- Мархабат Байғұт атындағы номинация – Сезім Мергенбай
(Әрқайсысына 50 000 теңге сыйақы табысталды)
🏆 Бас жүлде иегерлері:
- 1-орын – Мұқағали Кенжетайұлы (700 000 теңге)
- 2-орын – Аман Сабыржан (500 000 теңге)
- 3-орын – Арайлым Мұраталиева (300 000 теңге)
📚 Кешке ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар жастарға қолдау білдіріп, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру жолында пікір алмасты. Қатысушылар арасында интерактивті ойындар, еркін поэзия, топтық ақындар сайысы ұйымдастырылып, әдеби бәсеке жоғары деңгейде өтті.
🗣 «Мұндай шаралар – руханиятты жандандыру мен жастардың шығармашылығын қолдаудың тиімді жолы. Табиғат аясында өткен кеш поэзияның сиқырлы әлеміне жетеледі», – деді кешке қатысқан зиялы қауым өкілдері.
«Түн. Табиғат. Поэзия» кеші жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, өңірде тұрақты түрде өтетін әдеби үрдістердің біріне айналмақ.