Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты

Түркістанда жалпықалалық сенбілікке 800-ден астам адам қатысты
ТҮРКІСТАН. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Түркістан қаласында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Қала аумағындағы тазалық пен абаттандыру шараларына 800-ге жуық тұрғын қатысып, қоғамдық іске белсенділік танытты.
Іс-шараға Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер, 6 сектордың қызметкерлері, облыстық басқармалар мен департамент өкілдері жұмылдырылды. Сонымен қатар, 4 арнайы техника тартылып, сенбілік жұмыстарының тиімділігі артты.
Негізгі тазалық жұмыстары 1 және 2-мөлтек аудандарында жүргізілді. Бұл аумақта шөп шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, тұрғын үйлердің жертөлелері қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде, шамамен 5 тонна тұрмыстық қалдық сыртқа шығарылды.
Қала әкімдігі санитарлық талаптарды сақтау, экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады.





