Ұлттық киім киіп, көшеге шыққан Ақтау тұрғындары әлемдік рекорд орнатты

Ақтауда ұлттық киімдегі 5 мыңнан аса адам жағалауға жиналып, әлемдік рекорд орнатты.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында “Best Fest Nauryz” ұлттық киім фестиваліне тіркелген қатысушылар жағалауға жиналып, ол араға Гиннестер рекордтар кітабының өкілдері де келген.
Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі
«Ауқымды ұлттық жобаға тіркелгендердің саны 5 мыңнан асады. Резервте тағы 100 адам бар», деп нақтылайды әкімдік.
Айтулы оқиғаны Гиннестер рекордтар кітабының штаб-пәтері Лондоннан келген өкілдер тіркеді.
Сурет: Ақтау қаласының әкімдігі
Бұған дейін Көкшетауда «Кимешектегі аналар» шеруі көпті тәнтті еткенін жазғанбыз.
Дереккөз: Zakon.kz.