Журналист Мирболат Мырзатайұлын полиция ұстады

Алматы қаласында түнде журналист Мирболат Мырзатайұлын полиция қызметкерлері алып кетті, деп хабарлайды Pressa24.kz.
Бұл туралы Азаттық мәлімдеді. Мирболатты «терроризмге қарсы бөлім» өкілдері ұстаған. Туыстары оның соңғы рет 2 қыркүйек күні 16:30-дар шамасында Талғар қаласынан Алматы қаласына жолға шыққанын хабарлағанын айтты. Одан кейін ол хат-хабарсыз кеткен. Ал оның көлігі Талғар трассасындағы экопос тұрағынан табылған.
Журналисті не үшін ұстағаны туралы полиция департаменті әлі де түсініктеме бермеді.





