«Жастар практикасы» – Шардаралық жас мамандар үшін алғашқы еңбек жолы

«Жастар практикасы» – Шардаралық жас мамандар үшін алғашқы еңбек жолы

Жоғары және орта арнаулы оқу орнын енді ғана аяқтаған жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, алғашқы еңбек жолын бастауға мүмкіндік беретін маңызды бастама – «Жастар практикасы» жобасы бүгінде Шардара ауданында да сәтті жүзеге асырылып келеді.

Жасы 35-ке дейінгі жастарға арналған бұл бағдарлама олардың алған білімдерін нақты іс жүзінде қолдануға жағдай жасайды. Жобаның аясында Шардара ауданы, Жаушықұм ауылындағы «Жауқазын» ЖШС бөбекжай-балабақшасында Сүлейменова Гүлмира (тәрбиеші) мен Үрінбаева Ақсәуле (медбике) өз мамандықтары бойынша жұмыс атқаруда.

Бұл – жастарға кәсіби біліктілігін арттырып, болашақ мансапқа сенімді қадам жасауға мүмкіндік беретін таптырмас тәжірибе алаңы.