ХЭЙЛУНЦЗЯН ВИЦЕ-ГУБЕРНАТОРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

ХЭЙЛУНЦЗЯН ВИЦЕ-ГУБЕРНАТОРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Қытай делегациясы бірнеше кәсіпорынды аралап, ынтымақтастық жолдарын талқылады
Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян провинциясы вице-губернаторы Чжан Цисян бастаған делегация Түркістан облысына арнайы сапармен келіп, өңірдің өндірістік және инвестициялық әлеуетімен танысты.
🔹 Сапар барысы:
Облыс әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков және «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Данияр Бектұрғанов шетелдік қонақтарға аймақтағы жобалар туралы баяндады. Қонақтар көкөніс сақтау қоймасының, шағын өндірістік парктің жұмысына қызығушылық танытты.
🔹 Аралған кәсіпорындар:
- «BNK Group» – жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелері;
- «Aqniet Holding» – мектеп пен медицина мекемелеріне арналған жиһаз;
- «Jasyl Suyq Qazaqstan» – тоңазытқыш жабдықтары;
- «Бір белдеу – бір жол» – бейнебақылау камераларын өндіруге дайын.
🔹 Кездесу қорытындысы:
Тараптар инвестициялық ынтымақтастықты күшейту мәселелерін көтеріп, бірлескен жобаларды іске асыру жөнінде ұсыныс-пікір алмасты.





