ТҮРКІСТАН МЕН ХЭЙЛУНЦЗЯН: ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕ

ТҮРКІСТАН МЕН ХЭЙЛУНЦЗЯН: ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАҢА ДЕҢГЕЙДЕ
Қос аймақ арасында меморандумға қол қойылып, іскерлік байланыстарды тереңдету келісілді
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасының Хэйлунцзян провинциясы вице-губернаторы Цисян Чжанды қабылдады. Тараптар экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мен инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру жолдарын талқылады.
🔹 Аймақ басшысы Түркістанның артықшылықтарын атап өтті:
– Қытай – Қазақстанның негізгі инвесторларының бірі. Қазір ҚХР еліміздің экономикасына салынған инвестициялар көлемі бойынша алғашқы бестікке кіреді. Түркістан – табиғи-климаттық әлеуеті жоғары, ауыл шаруашылығына жыл бойы қолайлы өңір. 15 индустриалды аймақ пен 4000 гектар аумақтағы «Turan» АЭА жұмыс істейді. Жаңа өндіріс орындары үшін инфрақұрылыммен жабдықталған алаңдар дайын, – деді Нұралхан Көшеров.
🔹 Цисян Чжан өз кезегінде:
Түркістан облысының инвестициялық тартымдылығына қызығушылық білдіріп, екіжақты жобаларға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
🔹 Кездесу қорытындысы:
Түркістан облысы мен Хэйлунцзян провинциясы арасында іскерлік-экономикалық және бауырластық байланыстар орнату жөніндегі меморандумға қол қойылды.
🔹 Хэйлунцзян туралы:
Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан, халқы 30 миллионнан асатын бұл провинция агроөнеркәсіп пен өндірісте дамыған аймақ саналады.
🔹 Статистика:
Соңғы 15 жылда Қытайдан тартылған инвестиция көлемі – 24 млрд АҚШ доллары. 2023 жылы Түркістан облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы – 149 млн доллар болды.





