Қазығұртта Әкелер күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

Қазығұрт ауданында 15 маусым – Әкелер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған тағылымы мол кездесу жүректерге жылу, санаға ой салды. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» өткен бұл жүздесуге өнегелі өмірімен елге үлгі болған ел ағалары – композитор, профессор, академик, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Аманбек Ақайұлы мен облыстық мәслихат депутаты, «Сапа-2002» ЖШС төрағасы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Нұржан Әшіров арнайы шақырылды.

Шараның басты мақсаты – қоғамдағы әкенің рөлін ұлықтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу және аға буын мен жас ұрпақ арасындағы рухани сабақтастықты нығайту.

Кеш пердесін Қатира Бекмұратқызы композитор Аманбек Ақайұлының сөзіне жазылған әсерлі әнмен ашты. Жиналған қауым әннен рухани серпіліс алып, кездесудің мазмұнды әңгімесіне ден қойды.

Ардагерлер мен қонақтар арасындағы еркін сұхбат барысында отбасының қоғамдағы орны, ұрпақ тәрбиесінің мәні, рухани мұраның жалғасуы сынды терең тақырып