Қазығұртта өзекті мәселелер талқыланды: әкім нақты тапсырмалар жүктеді

Қазығұртта өзекті мәселелер талқыланды: әкім нақты тапсырмалар жүктеді,-деп хабарлайды Пресса24.кз.
Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл округі әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде алты негізгі мәселе қаралды. Атап айтқанда:
- 2025 жылдың 6 айына болжанған рейтинг көрсеткіштері;
- Қоғамдық-саяси ахуал;
- Қызметкерлердің жұмыс режимін «Е-Қызмет» жүйесі арқылы бақылау;
- Шарбұлақ, Қарабау және Қақпақ ауылдық округтерінің атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары.
Жиын барысында аудан басшысы әр сала бойынша нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жеке бақылауына алатынын айтты. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту және елді мекендердің тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарын күшейту қажеттігі ескертілді.
— Көтерілген әрбір мәселе сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс, — деді Азизхан Исмаилов.





