Қазығұртта су айдындарындағы қауіпсіздікке басымдық берілуде

Жазғы маусым басталысымен Қазығұрт ауданында су айдындарында болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтілді. Бұл бағыттағы жұмыстарға аудандық “Жастар ресурстық орталығы” мен құтқару қызметтері жұмылдырылып отыр.
Мамандар шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындарда арнайы қауіпсіздік белгілерін орнатып, тұрғындарға судағы тәртіп ережелерін түсіндіруде. Сонымен қатар, рейдтер ұйымдастырылып, шомылушыларға жадынамалар таратылуда.
Жергілікті билік күнделікті бақылау шараларын күшейтіп, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, ал тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақыруда.
Қауіпсіздік ережесін ұмытпаңыз:
- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз;
- Балаларды жалғыз қалдырмаңыз;
- Мас күйде суға түспеңіз;
- Белгісіз, терең, ағысы қатты сулардан аулақ болыңыз;
- Құтқару құралдарын қолданыңыз.
Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі – басты назарда. Әр азамат өзінің де, өзгелердің де өміріне жауапты екенін естен шығармаса екен.





