Қазығұртта мемлекеттік қызмет сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді

Қазығұрт ауданында халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау күшейтілуде. Бұл жолы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде көрсетілетін қызметтерді бағалау үшін арнайы қоғамдық бақылау жүргізілді.
Бақылау жұмыстары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бастамасымен өтті. Тексеру барысында қызметтердің қолжетімділігі, сапасы және уақтылы орындалуы басты назарда болды. Қоғам өкілдері мен сала мамандары тиісті ұсыныстар мен ескертулер жасап, кемшіліктерді түзету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Мақсат — тұрғындарға ашық әрі сапалы мемлекеттік қызмет ұсыну арқылы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру. Жергілікті билік бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруға ниетті.





