Бәйдібек: Ірі құрылыс жобалары қатаң бақылауда

Бәйдібек: Ірі құрылыс жобалары қатаң бақылауда ,-деп хабарлайды Пресса24.кз.

Бәйдібек ауданында жүзеге асып жатқан бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар құрылыс басқармасы мен аудан басшылығының тұрақты бақылауына алынған. Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Абай Турханов бастаған делегация ауданға іссапармен келіп, құрылыс нысандарын аралады.

Іссапарға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бақыт Қырғызалиев қатысып, нысандарды бірге аралады.

Бәйдібек ата су қоймасы

  • Жобаның құны: 15,7 млрд теңге
  • Мердігер: «МК Технострой сервис» ЖШС
  • Басталуы: 2023 жылғы қазан
  • Аяқталуы: 2026 жылға өтпелі
  • Тапсырыс беруші: Түркістан облысының құрылыс басқармасы
    Су қоймасы ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді пайдалану бағытындағы маңызды нысан саналады.

Шақпақ ауылындағы спорт кешені

  • Жобаның құны: 431,5 млн теңге
  • Игерілгені: 300 млн теңге
  • Мердігер: «Real Story Invest» ЖШС
  • Жобалаушы: «МПК-Проект» ЖШС
  • Техқадағалау: «Орда Услуг» ЖШС
  • Басталуы: 2024 мамыр
  • Аяқталуы: 2025 тамыз
    Ауыл жастары мен тұрғындарына қолжетімді спорт инфрақұрылымын ұсынатын бұл нысан – салауатты өмір салтын дамытуға бағытталған нақты қадам.

Шаян ауылындағы 300 орындық мектеп

  • Жобаның құны: 3,5 млрд теңгеден астам
  • Мердігер: «Тамыз Құрылыс ББК» ЖШС