Түркістан: Пробацияда тұрған азаматтарға қолдау күшейтіледі

Түркістан облысында пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеу және қылмыстың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Облыстық прокуратура ғимаратында өткен жиында қайта қылмыс жасау қаупі бар азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Мекемеаралық кеңеске облыс прокурорының бірінші орынбасары Данияр Сыздықов төрағалық етті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, полиция, пробация, әлеуметтік сала және жұмыспен қамту органдары, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары қатысты. Кездесуге өңірдің барлық қалалары мен аудандары бейнебайланыс арқылы қосылды.

Негізгі мәселелер:

  • Пробациядағы азаматтардың қайта қылмысқа бару қаупі.
  • Әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды жұмыспен қамту.
  • Қоғамға бейімдеу мен отбасы қолдау тетіктерін жетілдіру.

Данияр Сыздықов:

“Біздің міндет – тек бақылау емес, қолдау көрсету. Жазадан кейін өмірді қайта бастау оңай емес, сондықтан пробациядағы азаматтарға және олардың отбасыларына жан-жақты көмек қажет. Алдын алу – басты басымдық.”

📊 Мәліметтер:

  • Пробация есебіндегі азаматтар саны – 1 742
    • Оның ішінде 1 500-ден астамы ер азамат,
    • 225-і әйелдер
    • 230-ының жоғары білімі бар
  • 1 212 адам жұмыспен қамтылған,
    • 452-сі жұмыссыз
  • 256 азамат – осал топқа жатады

🛠️ Нақты шаралар:

  • 2025 жылға дейін 130 мекемеде 194 квота бөлінген
  • Жыл басынан бері – 42 жұмыс жәрмеңкесі өтті
  • 436 адам мансап орталықтарына жүгінді
  • 2 адам АӘК, 30 адам грант,
    55 азамат “Бастау Бизнес” сертификатын алған

Сондай-ақ, өңірде FSM Social мобильді қосымшасы арқылы мұқтаж отбасылар анықталып, 17 отбасын қолдау орталығы жұмыс істеуде.

Бейсенбай Тәжібаев:

“Қайта құқықбұзушылықтың негізгі себебі – әлеуметтік қиындықтар мен отбасы мәселелері. Мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндігін нақты түсіндіріп, аудандарды аралап, тіркеудегі азаматтарға бетпе-бет ақпарат беру қажет.”