Сарыағаш: Құркелес округінде үш жаңа медициналық нысан салынып жатыр

 

Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округінде тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету мақсатында бірден үш елді мекенде – Береке, Нұрлы жол және Жаңаталапта жаңа медициналық пункттердің құрылысы басталды.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыс алаңдарын аралап шықты. Әкім мердігер компания өкілдеріне сапа мен мерзім талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

🔨 Құрылысты «CK ABU GROUP» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттардың қабырғалары қаланып, шатырын жабу жұмыстары қолға алынған. Ерекше атап өтерлігі, жобалар жеке инвесторлардың қаржысы есебінен жүзеге асырылып жатыр. Бұл – мемлекет пен жеке сектордың тиімді әріптестігінің нақты көрінісі.

Жаңа нысандар пайдалануға берілген соң, ауыл тұрғындары алғашқы медициналық-санитарлық көмекке оңай қол жеткізе алады. Бұл өз кезегінде өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартпақ.

Сонымен қатар, аудан басшысы Жаңаталап елді мекеніндегі А.Оразбаева көшесінде жаяу жүргіншілер жолының төселу барысын да тексерді.

Аяқ жол орнату жұмыстарын «ЖилЖолСтрой» ЖШС жүргізіп