Келес: Әлеуметтік тұрақтылық басты назарда

Келес ауданында жастар арасындағы құмар ойынға тәуелділік (лудомания) және өзге де әлеуметтік мәселелерді алдын алу мақсатында кеңейтілген жиын өтті. Оған аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиынға төрағалық еткен аппарат басшысы Бақтияр Абдрахманов лудоманияның жеке тұлғаға ғана емес, бүкіл қоғамға тигізетін зардабына тоқталып, түсіндіру жұмыстары формалды емес, нәтижелі болуы тиіс екенін айтты.

Аппарат басшысының тапсырмасы:

  • Қоғамдық ұйымдармен жүйелі ақпараттық жұмыс жүргізу
  • Әрбір сала жетекшісіне нақты міндет пен мерзім жүктеу
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейту
  • Аппарат жұмысын жүйелеу және тиімділігін арттыру

Бұл бағытта тұрақты мониторинг жүргізіліп, нәтижелер бойынша есеп ұсынылатын болады.