Келес ауданы әкімдігі: «Малдың жаппай қырылуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды»

Соңғы күндері әлеуметтік желілер мен кейбір БАҚ-та тараған «малдың жаппай қырылып жатқаны» және «жергілікті биліктің көмек көрсетуден бас тартқаны» туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев ресми мәлімдеме жасады.
Малдың қырылуы тіркелген жоқ
– Түркістан облысында қуаңшылық пен шегірткеге байланысты мал өлімі деректері анықталмаған.
– Жем-шөппен қамтамасыз ету толық бақылауда.
Қуаңшылық жағдайы бұрмаланған
– Маусымдағы аномальды ыстыққа қарамастан, ылғал деңгейі жеткілікті.
– Тамшылатып және жерасты суару жүйелері қолданылған алқаптарда жағдай тұрақты.
Шегіртке шабуылы жалған ақпаратқа негізделген
– 700 мың гектардан астам жер өңделген.
– Тараған видеолардың көбі басқа өңірлерде немесе шетелде түсірілген.
Билік фермерлермен үнемі байланыста
– Әр өтініш жеке қаралады, қажет жағдайда баламалы жайылым, шөппен қамтамасыз ету, логистикалық көмек сынды нақты шаралар қабылдануда.
Әкім жалған ақпарат таратудың салдарына назар аудартып, ресми дереккөздерге ғана сүйенуге шақырды.





