Келес ауданында биыл 33,8 шақырым жол жөнделеді

Келес ауданында ішкі көшелерді жөндеу және көркейту жұмыстары жалғасып жатыр. 2025 жылы жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы – 33,8 шақырым.

Жамбыл елді мекені

  • Ш.Тұрсынбаев көшесінің 2,6 шақырымына асфальт төселуде
  • Мердігер: “Сарыағаш Сәулет” ЖШС

📍 Қошқарата округі

  • Алғабас, Жаңақоныс, Қарабура ауылдарындағы 4 көшеге шағал тас төселіп, асфальттауға дайындық жүріп жатыр
  • Жалпы ұзындығы – 11 шақырым

📍 Ошақты және Жүзімдік округтері

  • Қоңыртөбе, Береке, Жүзімдік ауылдарындағы 15 көше, жалпы ұзындығы 17,7 шақырым
  • Жөндеу “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында жүзеге асады

📍 Абай ауылы

  • Жамбыл, Асан Қайғы, Б.Қырғызалиев, Төле би, Ә.Жылқышиев гүлзары және Т.Рысқұлов көшесінің батыс бөлігіне ағымдағы жөндеу жасалады

🛠 Жол сапасына “СК Құрылыс инжиниринг” пен “Ұлттық жол активтері сапасы орталығы” техникалық бақылау жүргізуде.

🔎 Аудандағы жалпы жол ұзындығы – 1172 км. Қазіргі таңда көшелердің 61%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Жаңа жобалар іске асқанда, бұл көрсеткіш 65%-дан асады.