Келес: Абай ауылы маңындағы жол бөлігін кеңейту жұмыстары жүріп жатыр

 

Келес ауданы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожолдың Абай ауылы тұсындағы бөлігі кеңейтіліп, абаттандырылуда. Қазір мұнда орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жол құрылысының барысымен аудан әкімінің орынбасары Мақсат Тұрдиев пен аппарат басшысы Бақтияр Абдрахманов арнайы барып танысты. Олар мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасы мен жұмыс кестесінің сақталуына ерекше назар аударды.

Жөндеу аясында:

  • Жол жиегі кеңейтіледі;
  • Айнала абаттандырылады;
  • Заңсыз салынған құрылыстар бұзылады;
  • Қозғалысты үзбеу үшін айналма жол сызбасы дайындалады.

Жобаның басты мақсаты – көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету.

Еске салайық: Аталған учаскеде 18–30 маусым аралығында, түнгі сағат 21:00–05:00 аралығында жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жүргізушілерге айналма жолдарды пайдалануға кеңес беріледі.