Абай ауылы маңындағы автожолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Абай ауылы маңындағы автожолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі
18–30 маусым аралығында Абай ауылы аумағынан өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожолдың 156–190 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталады.
Жұмыс уақыты: күн сайын сағат 21:00–05:00 аралығы (түнгі уақыт).
Аталған мерзімде жол жөндеу жұмыстарына байланысты жолда көлік қозғалысы шектеледі. Жеңіл көлік жүргізушілерінен айналма жолдарды пайдалануды сұраймыз.
Жол қауіпсіздігін сақтау үшін уақытша белгілер орнатылып, бақылау күшейтіледі.
Құрметті тұрғындар, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.





