Келес ауданында діни тұрақтылықты сақтау мәселесі талқыланды

 

Келес ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету және деструктивті діни ағымдардың ықпалына жол бермеу мақсатында ақпараттық жиын өтті.

Іс-шараға Келес ауданы әкімінің аппараты басшысы Бақтияр Абдрахманов жетекшілік етті. Жиынға Түркістан облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Әбухан Нұрдаулет арнайы шақырылды.

Баяндама барысында теолог маман діни сенім бостандығы мен зайырлылық қағидаттарының маңызына тоқталып, мемлекеттік қызметшілердің діни бірлестіктер жұмысына еріксіз тартылуына жол бермеу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді діни насихат үшін пайдаланбау қажеттігін ерекше атап өтті.

Бақтияр Абдрахманов мемлекеттік қызметтің зайырлы сипатқа негізделетінін еске салып, дін саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру — діни радикализмнің алдын алудың басты жолы екенін айтты.

Жиын қорытындысында сала мамандарына тиісті тапсырмалар беріліп, түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатыны мәлім болды.