САРЫАҒАШТА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Сарыағаш ауданында жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқығын қорғау – басты назарда. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау органдары, білім беру мекемелері мен жауапты сала басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірнеше өзекті тақырыптар көтерілді: жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар, жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік және ерте жүктіліктің алдын алу.
Аудандық полиция басқармасы мен білім бөлімі өкілдері суға кету, өрт оқиғалары, электр қауіпсіздігі мен еңбек нормаларын сақтау сынды мәселелерді тілге тиек етті. Сонымен қатар, Дербісек ауылдық округінде кәмелетке толмағандармен жүргізіліп жатқан түсіндіру, алдын алу жұмыстары туралы да нақты есеп берілді.
Отырыс барысында комиссия мүшелері тиімді ұсыныстар мен пікірлер білдіріп, жасөспірімдердің жазғы демалысын қауіпсіз өткізуге бағытталған профилактикалық шараларды күшейтуді ұсынды. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, рұқсат етілмеген су айдындарында шомылудың алдын алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Комиссия төрағасы Алдияр Қозыбаев жауапты мекеме басшыларына





