ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «JasSAQ» ЭТНО-РЕАЛИТИ ЖОБАСЫ ӨТТІ

Созақ ауданының «Жұмбақ тау» этно-лагерінде республикалық деңгейде өткен «JasSAQ» этно-реалити жобасы өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған телевизиялық жобаға еліміздің әр өңірінен келген 100-ге жуық жас қатысып, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды жаңғыртты.
Жастар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы және облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен жобада 7 түрлі ұлттық сайысқа қатысып, мергендік, ептілік, шапшаңдық пен тапқырлықтарын сынға салды.
🏆 Сайыс қорытындысы:
🥇 1 орын — «Қырандар» командасы
🥈 2 орын — «Көк бөрі» командасы
🥉 3 орын — «Nomad» командасы
🎖️ Ынталандыру сыйлықтарына «Яссауи», «Алмас қылыш», «Алаш ұрпақтары» командалары лайық деп танылды.
Жабылу салтанатында Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев жастардың белсенділігіне алғыс айтып, мұндай жобалар ұлттық тәрбие мен бірлікті нығайтуда маңызды екенін атап өтті.
Мерекелік кешті «Ақбұлақ» жайдарман командасы жүргізіп, әзіл-оспақпен әрлесе, «Созақ серілері» тобы ұлттық ән-жырмен көрермендерді тәнті етті. Жастар кеш соңында алау жағып, естелікке суретке түсті.
Жоба барысында қатысушылар тек жарысқа түсіп қана қоймай, дәстүр мен тарихты танып, ұлттық рух пен достықты бойларына сіңірді.





