САУРАНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ: ӘКІМ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров азаматтарды жеке қабылдап, олардың арыз-өтініштері мен ұсыныстарына құлақ асты. Қабылдауға алдын ала тіркелген тұрғындар түрлі әлеуметтік, инфрақұрылымдық және жер мәселелері бойынша өз сауалдарын жолдады.

Қабылдау барысында азаматтар келесі бағыттар бойынша мәселелер көтерді:

  • Тұрғын үй мәселесі – жеке баспанаға мұқтаждық, кезекке тұру, жалдамалы пәтер жағдайлары сөз болды.
  • Жер қатынастары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді рәсімдеу, пайдаланылмай жатқан телімдерді тиімді игеру, үй іргелік жер үлестеріне қол жеткізу бойынша сауалдар айтылды.
  • Әлеуметтік қолдау – кей тұрғындар денсаулығына байланысты материалдық жәрдем сұрап, мүгедектік рәсімдеу және ем-дом шығындарына қатысты өтініштерін жеткізді.
  • Спорт саласы – балаларды үйірмелерге