Сайрамда екі елді мекенді байланыстыратын маңызды жол жобасы жоспарлануда

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов Ақсукент аумағындағы теміржол үстінен өтетін жаңа көлік жолы жобасымен танысты. Жобаның мақсаты — екі елді мекен арасындағы қатынасты жеңілдетіп, жол қозғалысындағы кептелістерді азайту.
Аудан басшысы көлік қатынасының қолайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету – әкімдіктің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Осыған орай, жобаны сапалы және белгіленген мерзімде іске асыру үшін жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелетінін жеткізді.
Қазіргі таңда жоба жоспарлау кезеңінде тұр. Құрылыс жұмыстары алдағы уақытта басталады деп күтілуде.





