Сайрам: Инвест жобалар – өңір дамуының діңгегі

Сайоамда болып жатқан инвестициялық жобалардың барысы аудан әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен арнайы жиында талқыланды. Жиын барысында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахадыр Олжаев атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

Баяндамада айтылғандай, инвестициялық жобалар негізінен ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамытуға бағытталған. Жаңа өндіріс ошақтарын ашу, жергілікті өнім көлемін арттыру және халықты тұрақты жұмыспен қамту – негізгі басымдықтардың қатарында.

Аудан әкімі Арман Сабитов әрбір жобаның тиімділігі мен өңір халқы үшін нақты әлеуметтік-экономикалық пайда беруін басты талап ретінде атап өтті. Жобалардың орындалуы мен әсері тұрақты бақылауда болады.