Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы қатаң бақылауда

Сайрам ауданында 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер тұрақты өсіммен орындалуда. Аудан әкімдігінің мәліметінше, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және сауда салаларында жоспардан жоғары нәтиже тіркелген.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева баяндағандай, 81 индикатордың басым бөлігі жылдық жоспардан озып келеді. Бұл көрсеткіштер өңір дамуының оң қарқынын білдіреді.

Аудан әкімі Арман Сабитов жауапты бөлімдерге барлық индикаторлық көрсеткіштердің мерзімінде әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ нақты деректерді уақтылы тапсырып, жоспарланған жұмыстарды жүйелі жүргізу қажеттігін ескертті.