Сайрам: Қарасуда ауыз су мәселесі басты назарда

Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов Қарасу ауылындағы жаңа құрылыс аумағында ауыз суға қатысты туындаған мәселелерді көзбен көріп, арнайы барып танысты. Тұрғындардың өтінішіне орай ұйымдастырылған сапар барысында су қысымының төмендігі мен сапасының жеткіліксіздігі анықталды.
Аудан басшысы жауапты сала мамандарымен бірге жергілікті инфрақұрылым жағдайын бағалап, проблеманы шешу жолдарын талқылады. А.Сабитов ауыз судың үздіксіз әрі сапалы берілуі тұрғындар тұрмысындағы маңызды фактор екенін атап өтіп, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Қарасу ауылындағы ауыз су мәселесі аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.





