АРЫСТА ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ІЛГЕРІЛЕТУ МАҚСАТЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Арыста «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдама» аясында азаматтарға құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен жеке қабылдау өтті.

Қабылдауға Арыс ауданы прокурорының орынбасары Темур Әбдірахманов, аудан прокуратурасының прокуроры Қуаныш Анарбай, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Мұрат Садық, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Шыңғыс Мұсаев, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы, полиция майоры Жамиля Нұржігітова қатысты.

Азаматтар негізінен интернет алаяқтыққа қатысты сауалдарын қойып, нақты заңдық кеңес алды.

🔹 Іс-шараның басты мақсаты – тұжырымдамадағы басым бағыттарды іске асыру, құқықтық мәдениетті арттыру, заң үстемдігін нығайту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.