Арыс қаласында қоғамдық бақылау өтті

Арыс қаласында «Қоғамға қызмет ету күні» аясында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шара 2025–2030 жылдарға арналған заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама негізінде өтті.

Қоғамдық қабылдау Арыс қалалық Кәсіпкерлік мектебі ғимаратында өткізіліп, оған қалалық әкімдік бөлімдері мен оларға қарасты мекемелердің мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандары және қала тұрғындары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен рәсімдеу тәртібі туралы түсіндірілді. Сондай-ақ тұрғындар тараынан қойылған нақты сұрақтарға сала мамандары тарапынан нақты әрі толықжауаптар берілді.

Жергілікті халықпен тығыз жұмыс істеуді көздейтін бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.