САРЫАҒАШТА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ

 

Сарыағаш ауданында 23 маусым – Қазақстан Полициясы күніне орай құқық қорғау саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылып, оған аудан басшысы Арман Абдуллаев, аудандық полиция басқармасының жетекшісі Есенғали Бейсебаев, сала ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

Аудан әкімі өз сөзінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы ерен еңбегін атап өтіп, бірқатар полицейге алғыс хаттар мен марапаттар табыстады.

Жиын барысында полиция басқармасының басшысы да әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Мерекелік басқосу концерттік бағдарламамен жалғасып, сахна төрінде патриоттық әндер мен көркем өнер туындылары орындалды.