САРЫАҒАШТА AMANAT ФРАКЦИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында «AMANAT» партиясы мәслихаттағы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Басқосуға аудан әкімі Арман Абдуллаев, партия филиалының төрағасы Шермат Ибрагимов, мәслихат депутаттары, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — «AMANAT» партиясының Сарыағаш ауданындағы 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының 2025 жылдың алғашқы бес айындағы орындалу барысы болды. Бұл жөнінде аудан әкімі Арман Абдуллаев жан-жақты баяндама жасады.

Фракция мүшелері талқылау барысында бірқатар ұсыныстар айтып, оларды жүзеге асыру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Жиын соңында ұсыныстар мен пікірлер хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынатыны жеткізілді.