САРЫАҒАШТА МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезекті XIX сессиясы өтті. Отырыста аудан әкімі Арман Абдуллаев пен мәслихат депутаттары, әкімнің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері бас қосты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Шермат Ибрагимов ашып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар бірқатар ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салды.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев депутаттардың ұсыныстарына назар аударатынын айтып, алдағы уақытта бақылауда ұстайтынын жеткізді. Сондай-ақ халық қалаулыларының белсенділігіне ризашылық білдіріп, алғыс айтты.





