ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАҢ ЖӘНЕ ӘДІЛДІК МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕГЕН АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАҢ ЖӘНЕ ӘДІЛДІК МӘДЕНИЕТІН ДӘРІПТЕГЕН АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
Ел көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Заң және тәртіп» апталығы аясында Сарыағаш ауданында бірыңғай адалдық сағаты өткізілді. Іс-шара аудан әкімдігі аппаратының қатысуымен өтті.
Мәжіліс залында өткен жиын – мемлекеттік қызметшілер арасында заңға құрметті арттырып, құқықтық және этикалық нормаларды сақтау мәдениетін күшейтуге бағытталды.
Жиын барысында аппарат басшысы Амалбек Өміртай сөз сөйлеп, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау мемлекеттік қызметтің басты қағидаларының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабына тоқталып, ұжым арасында адалдық, ашықтық және жауапкершілік ұстанымдарын нығайту қажеттігін баса айтты.
Аталған шара – құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың заңға деген құрметін қалыптастыру бағытындағы маңызды қадамдардың бірі ретінде ұйымдастырылды.





