Арыста сенбілік өтті: саябақтар тазартылып, ағаштар әктелді

Арыста сенбілік өтті: саябақтар тазартылып, ағаштар әктелді
– деп хабарлайды Presso24.kz тілшісі.

Арыс қаласында «Заң мен тәртіп» апталығы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасау» ұранымен кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Қала аумағындағы саябақтар мен скверлер тазартылып, көгал аумақтар ретке келтірілді.

Сенбілікке қаланың тазалық қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Олар қоқыс қалдықтарын жинап, арамшөптерді шауып, ағаш түптерін әктеу жұмыстарын атқарды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, тазалық акциясы құқықтық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғау мақсатындағы кешенді шаралардың бір бөлігі ретінде өткізілді. Мұндай шаралар апталық аясында жалғасын табады.