Түркістанда журналистер кәсіби мерекеде марапатталды

Түркістанда журналистер кәсіби мерекеде марапатталды
– деп хабарлайды Presso24.kz тілшісі.

Түркістан облысында Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. «Eco Village Kaskasu» демалыс аймағында ұйымдастырылған шараға өңірдегі ардагер журналистер мен үздік қаламгерлер жиналды.

Мерекелік басқосуға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, журналистерге жылы лебізін білдірді. Аймақ басшысы БАҚ өкілдерінің ел дамуына қосып жатқан үлесін жоғары бағалап, олардың кәсіби адалдығы мен жауапкершілігін атап өтті.

Шара барысында бірқатар тілшілер мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс әкімінің және «AMANAT» партиясының Алғыс хаттары тапсырылды.

Кеш соңында жергілікті өнерпаздар концерт қойып, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.