Түлкібаста жалпыаудандық сенбілік өтті

Түлкібаста жалпыаудандық сенбілік өтті
– деп хабарлайды Presso24.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түлкібас ауданында кезекті рет дәстүрлі сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев, депутаттар және түрлі мекемелердің қызметкерлері қатысты.

Қатысушылар Жабағылы ауылына апаратын жол бойын күл-қоқыстан тазартып, табиғатты аялауға үн қосты. Табиғаты көркем, туристік әлеуеті жоғары өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту — ортақ міндет екенін айтқан аудан әкімі тұрғындарды белсенділік танытуға шақырды.

Сенбілік шарасы әр апта сайын жұма күні өткізіліп тұрады.