Түркістандық спортшылар экологиялық акцияға атсалысты

Түркістандық спортшылар экологиялық акцияға атсалысты
– деп хабарлайды Presso24.kz тілшісі.

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік ұйымдастырып, өңірдегі спорт мекемелерінің қызметкерлері мен жаттықтырушылары тазалық жұмыстарына қатысты.

Қатысушылар мекеме маңын, қоғамдық орындар мен көшелерді қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғау ісіне үлес қосты. Акцияның мақсаты – табиғатты аялауға үндеу тастап, халық арасында экологиялық мәдениетті арттыру.

Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген спортшылар бұл жолы қоршаған ортаны сақтауға бағытталған қоғамдық бастамаларда да белсенділік танытты.