Түлкібаста шаруалар жаңа мал азығын сынап көрді

Түлкібаста шаруалар жаңа мал азығын сынап көрді

– деп хабарлайды Пресса24 тілшісі.

Түлкібас ауданындағы «Борсық сай» шаруа қожалығы биыл көктемде алғаш рет сорго дақылын егіп көрген. Шетелден жеткізілген бұл өсімдіктің мал азығына таптырмас түрі екені дәлелденіп отыр. Қазіргі таңда алғашқы өнімді оруға дайын.

Аудан әкімі Асқар Естібаев егістік басына барып, тәжірибелік жобамен танысты. Қожалық жетекшісі Данияр Мылтықбаевтың айтуынша, сорго 3 гектар аумаққа егілген, ал келесі жылы оны 15 гектарға дейін кеңейту жоспарда бар. Тамшылатып суару әдісі де қолданылмақ.

Сорго – аз су тұтынатын, өнімділігі жоғары және малға да, кейбір өндіріс салаларына да пайдалы дақыл. Бір маусымда бірнеше рет оруға мүмкіндік береді, биіктігі 6 метрге дейін жетеді.