«Орда-басы Agro»: Еңбек пен технология үйлескен шаруашылық

Ордабасы ауданының Бөген ауылындағы «Орда-басы Agro» шаруа қожалығы – ауыл экономикасының тірегі, халықты жұмыспен қамтып отырған іргелі кәсіп. 2017 жылы негізі қаланған шаруашылықты жергілікті кәсіпкер Әбілда Әлібеков құрған. Бүгінде оның бастаған ісін інісі Ерғали Әлібеков табысты жалғастырып келеді.
Негізгі бағыт – егін шаруашылығы:
- Жалпы егіс алқабы – 900 гектар
- 350 га – мақта
- 250 га – жүгері
- 300 га – жоңышқа
- Барлық агротехникалық күтім мен өнімділікке ерекше назар аударылып, заманауи техника мен технологиялар қолданылады.
Агротехникалық қызмет көрсету:
«Орда-басы Agro» тек өз алқаптарымен шектелмей, басқа шаруаларға да жер жырту, тырмалау, тұқым себу, суғару, өнім жинау сынды кешенді қызмет көрсетеді. Шаруашылықтың техника паркі толық жабдықталған:
✅ тракторлар
✅ комбайндар
✅ сеялкалар
✅ суғару жүйелері
Жұмыспен қамту:
- Шаруашылықта 20-дан астам ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс істейді.
- Маусымдық емес, жыл бойы табыс табатын жұмыс орындары ашылған.
- Бұл – ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықтың негізі.
Өнімділік артып келеді:
Шаруашылық басшысы Ерғали Әлібеков:
– Жердің құнарын сақтау, агрономдардың кеңесіне жүгіну, тәжірибелі еңбеккерлер мен жаңа техниканы тиімді қолдану – табыстың кепілі.
- Егіс көлемін ұлғайту
- Жаңа технологиялар енгізу
- Аграрлық саладағы тиімділікті арттыру
«Орда-басы Agro» – тек егін егіп, өнім жинаумен емес, ауылда өмір сапасын көтеруге де үлес қосып отырған үлгілі шаруашылық.





