Қазығұртта колледж түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды

Қазығұртта колледж түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды

2025 жылғы 30 маусымда Қазығұрт ауданындағы колледж түлектеріне арналып диплом табыстау рәсімі өтті. Оқу орнын сәтті тәмамдаған жас мамандар алған білімдерін енді нақты еңбек жолында қолдануға кіріспек.

Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Медеуов, «Атамекен» ҰКП Қазығұрт аудандық филиалының директоры С.Мамытбеков, Мансап орталығының директоры М.Алпысов, Ардагерлер кеңесінің мүшесі М.Намешев және ардагер ұстаз О.Мусакулов қатысып, жас түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, дипломдарын табыстады.

Салтанатты жиын аясында Мансап орталығының ұйымдастыруымен аудан кәсіпорындары мен өндіріс орындары қатысқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесі де өтті. Бұл шара түлектердің жұмыспен қамтылуына қосымша мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, шара барысында белсенді ата-аналар мен колледж оқытушылары алғыс хаттармен марапатталды.

Биылғы түлектер техник-механик, тігінші, аспазшы сынды мамандықтар бойынша біліктілік алып шықты.

Жас мамандарға жарқын болашақ, табысты еңбек жолы мен зор жетістік тілейміз!