ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «АЙБЫН-2025» БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР «АЙБЫН-2025» БАЙҚАУЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Ақтөбе облысындағы «Хлебодаровка» әуе аймағында өткен «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында Түркістан облысының өрендері үздік нәтиже көрсетті. Ауқымды іс-шара Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы мен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналды.
Байқауға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстаннан келген командалармен бірге барлығы 800-ге жуық жас сарбаз қатысты. Қатысушылар түрлі әскери-спорттық және зияткерлік сайыстарда бақ сынады.
Түркістан облысы атынан Кентау қаласындағы «Жас Қыран» әскери-патриоттық клубы қатысып, жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Нәтижесінде «Жас Қыран» клубы жүлделі ІІ орынға ие болып, халықаралық деңгейдегі байқауда облыс абыройын асқақтатты.





