Қазығұртта шахматқа арналған жаңа орталық есігін ашты

 

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, аудан орталықтарында шахмат үйін ашу ісі біртіндеп жүзеге асып келеді. Осы бастама аясында Қазығұрт ауданында да жаңа шахмат үйі пайдалануға берілді.

Бұл орталық – балалар мен жасөспірімдер үшін интеллектуалдық қабілетті дамытып, ойлау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған арнайы білім ордасы. Мұнда оқушылар үшін шахмат үйірмелері тегін ұйымдастырылған. Сабақтар кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен өтеді, ал қатысушылар түрлі жарыстарға дайындалуға мүмкіндік алады.

Жаңа шахмат үйі қазіргі стандарттарға сай жабдықталып, жастардың бос уақытын мазмұнды әрі пайдалы өткізуге толық жағдай жасалған. Бұл – дарынды жастарды қолдау мен бұқаралық спортты өркендетуге арналған мемлекеттік саясаттың нақты нәтижесі.

Қазығұрт ауданының жас буыны үшін бұл орталық – зияткерлік дамуға бастар маңызды алаң болмақ.